Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа № 195"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 22-80-071
Бухгалтерия:
+7(727) 22-44-490
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылық қасиет» тақырыбында 1-11 сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті.
02
сентябрь
2022

1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылық қасиет» тақырыбында 1-11 сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті.

01.09.2022 жылы № 195 ЖББ КММ мектебінде 1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылық қасиет» тақырыбында 1-11 сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті. Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар, 1 сынып оқушыларының ата-аналары мектеп алаңында сағат 9:00де жиналды. Мерекелік іс-шараны мың бұралған биші қыздарымыз «Домбыра» биімен ашты. Содан соң мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырылды. Алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры Ауельбаева А.О. берілді. Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға 1 сыныптардың тақпақтарымен қатар, әнші қыздарымыз «мектеп» туралы ән шырқады. Алғашқы қоңырауда сыңғырлап, барлық оқушыларымыз «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау мақсатында біріңғай сынып сағаттарына қатысты. Сонымен қатар жиынға қатысушы 9-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында құқықтық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Білім күні қарсаңында оқушылар, олардың ата-аналары мен сынып жетекілері «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты Республикалық онлайн акцияға қатысты. Акция барысында оқушыларымыз сынып жетекшілеріне «Менің мектебім – ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм» тақырыптарына бейнероликтерін жолдап мектеп әкімшілігі мектеп сайтына салып отырды.














1 қыркүйек Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылық қасиет» тақырыбында 1-11 сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті.








Похожие публикации: