15
май
2020
«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.КОНЦЕПЦИЯ проведения выпускного мероприятия
11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді
?Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды.
?Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады.
?Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады.
?Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады.
«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған
мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін
1. Аттестатты тапсыру - әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Аталған маңызды мектеп іс-шарасы түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына басты назар аудару маңызды. Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына алғыс сезімін тәрбиелеу.
2. Мектеп бітіру іс-шарасы тек 11 сынып түлектеріне ғана 2020 жылғы 3-маусым өткізіледі. Соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру біріктіріліп, мектеп қабырғасында бір күнде шектеулі контингентпен, яғни ағымдағы жылдың түлектері мен олардың 2-ден аспайтын ата-аналарының қатысуымен ғана санитарлық-гигиеналық шектеулерді қамтамасыз ете отырып өткізілуі қажет.
3. Мектеп бітіру іс-шарасы қатысушылардың шектеулі контингентімен өткізілуі тиіс (таза ауада 100 адамға дейін).
4. Жеке кесте бойынша сағат 10.00-ден бастап. 1 сағаттан.
5. Іс-шара сағат 10.00-10.40
I кезең: Салтанатты бөлім ( «Ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау, аттестат беру, соңғы қоңырау).
Іс-шараның алгоритмі:
- қатысушыларды алдын ала сызылған сызықтар бойынша тұрғызу;
-директордың сөз сөйлеуі;
- ата-ананың құттықтауы;
- сынып жетекшінің құттықтауы;
- түлектің құттықтауы;
- Ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау;
- аттестаттарды тапсыру;
- соңғы қоңырау.
Санитарлық нормаларды сақтай отырып «Ағаш отырғызу» .
Сынып жетекшінің басшылығымен. Ағаш отырғызу аяқталған соң сынып жетекші түлектерді үйлеріне қайтарады.
Рұқсат етілмейді:
- іс-шара өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;
- мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге (сыныпты безендіру, түлектің сыртқы келбеті және т.б.)
- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
- прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге;
- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
- мектеп бітіру іс-шараларын мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшінің күшімен өткізу;